Қазақстандықтардың қанша пайызы Тоқаевқа сенеді?

Қазақстандықтардың қанша пайызы Тоқаевқа сенеді?
02.09.2025 17:43
0
289
Сурет: Ақорда

Қазақстандықтардың 82,4%-ы Президент Тоқаевқа сенеді, деп хабарлайды POLITICO.KZ Қазақстанның стратегиялық зерттеулер институтына сілтеме жасап.

ҚР Президенті жанындағы Қазақстандық стратегиялық зерттеулер институты жүргізген әлеуметтік сауалнаманың нәтижесі жарияланды. Зерттеу қорытындысы бойынша, сауалнамаға қатысқан азаматтардың 82,4%-ы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевқа сенім артатынын білдірген.

Сауалнама ағымдағы жылдың 11 шілдесі мен 12 тамызы аралығында жүргізілген. Оған еліміздің 17 облысы мен республикалық маңызы бар үш қаласынан 18 жастан асқан 8000 респондент қатысты.

Зерттеу нәтижелеріне сәйкес, Президентке ең жоғары сенімді 18-29 жас аралығындағы жастар білдірген (90,3%). Ал ауыл тұрғындарының сенім деңгейі қалалықтарға қарағанда сәл жоғары болды (тиісінше 84,9% және 80,9%). Институттың мәліметінше, респонденттердің табыс деңгейі мен жұмыспен қамтылу дәрежесі сенім рейтингіне айтарлықтай әсер етпеген.

Мамандықтар бойынша ең жоғары сенімді құқық қорғау органдарының қызметкерлері (96,9%), білім беру саласының мамандары (89,6%), мемлекеттік қызметкерлер (87,1%) және аграрлық сектор өкілдері (86,2%) көрсеткен.

Зерттеуді жүргізген институттың қорытындысы бойынша, бұл нәтижелер қоғамның Мемлекет басшысына деген тұрақты жоғары сенім деңгейін көрсетеді.

Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий