«Қазақтың Робин Гуды» атанған Ілияс Сариев елден жинаған ақшаға бәс тіккен
2164
Журналист Руслан Өтепбай блогер Ілияс Сариевке қатысты өтіп жатқан сот процесінен жаңа мәлімет бөлісті, деп хабарлайды POLITICO.KZ.
Оның айтуынша, сот отырысында жәбірленуші тараптың өкілі Ақтоты Дүйсеева Сариевтің қажылыққа жиналған қаражатты қалай жұмсағаны жөнінде маңызды деректер келтірген.
Сотта Дүйсеева өзінің телефонынан көрсеткен мәліметтерге сүйене отырып, Ілияс Сариевтің қаражатты букмекерлік кеңсеге аударғанын мәлімдеді. Ол нақтылай келе:
"1xBet"
— деп аталатын платформаға бірнеше рет ақша жіберілгенін айтқан.
Куәгер бұдан бөлек тағы бір мәліметті бөліскен:
"Бәс тігуге кеткен жалпы сомма: 4 миллион 130 мың теңге!" —
деп атап өтті ол.
Журналист Руслан Өтепбай атап өткендей, дәл осы деректер сот залында үлкен резонанс тудырып, отырыстың ең маңызды сәттерінің біріне айналған.
Соңғы жаңалықтар
08.10.2026
20:21
Karachaganak Support Service басшысы 948 млн те...
08.10.2026
19:50
Қазақстанда жәрдемақы көрші елдерден жоғары: эк...
08.10.2026
19:37
Қазақстанда үш жанармай бекетінен сапасыз бензи...
08.10.2026
19:10
Қазақстан Орталық Азияда әлеуметтік қорғау бойы...
08.10.2026
18:42
Непалда жоғалған екі қазақстандық әлі табылмады...
08.10.2026
18:28
Астанада алаяқ футболшыларды Испанияға апарамын...