«Қазақтың Робин Гуды» атанған Ілияс Сариев сотталды

04.12.2025 19:52 Берік Арманов
«Қазақтың Робин Гуды» атанған Ілияс Сариев сотталды
0
898
Фото: instagram.com/qazaq_robin_hood/

Алматыда «Елге көмек» қорының басшысы, «қазақтың Робин Гуды» атымен танымал Ілияс Сариевке үкім шықты, деп хабарлайды POLITICO.KZ Тengrinews.kz-ке сілтеме жасап.

Алматыдағы Алмалы аудандық соты блогер Ілияс Сариевті бірнеше рет алаяқтық жасағаны үшін кінәлі деп танып, оны орта қауіпсіздік колониясында 3 жыл 8 айға бас бостандығынан айыруға үкім етті.

Бастапқыда сот оған 4 жыл 8 айға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындаған болатын. Амнистияны қолдану нәтижесінде жазасы қысқартып, соңғы мерзім – 3 жыл 8 ай болып белгіленді. 20 эпизод бойынша оны ақтаса, ал 6 эпизод бойынша кінәлі деп танылды.

Сотья Ернар Қасымбаевтың түсіндірмесі бойынша:

«Амнистия шеңберінде сот 3 жыл 8 айдан артық жазаны тағайындай алмайды. Бұл – заңмен бекітілген ең жоғары мерзім, оны асыруға соттың құқығы жоқ. Сондықтан сот гуманизм принципіне сүйене отырып, жазаны тым жеңіл тағайындады деп ойлаудың қажеті жоқ», – деді сотья.

Екінші сотталушы Актоты Дүйсееваға қатысты сот Қылмыстық кодекстің 74-бабы бойынша, кәмелеттік жасқа толмаған балалары бар әйелдер үшін қарастырылған жазады кейінге қалдыру шарасын қолданды.

Бастапқыда оған 4 жыл 6 айға бас бостандығынан айыру жазасы берілген еді. Амнистияны ескере отырып, жазасы орта қауіпсіздік колониясында 3 жылға қысқартылды. Жазаның орындалуы 2028 жылға дейін кейінге қалдырылды – яғни оның баласы 14 жасқа толғанға дейін әйел пробациялық бақылауда болады.

Еске салсақ, соңғы сөзінде Ілияс Сариев көз жасына ерік беріп, өзіне ешқандай қылмыс құрамының жоқ екенін айтып, соттан ақтауды сұраған. Ал Актоты Дүйсеева өз кінәсін мойындап, жазасын кейінге қалдыру мен амнистия қолдануды өтінген.

Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий