Қосшыда бассейнде көз жұмған 6 жасар балаға қатысты тергеу басталды

Қосшыда бассейнде көз жұмған 6 жасар балаға қатысты тергеу басталды
Ашық дереккөзден

Ақмола облысы Полиция департаменті Қосшы қаласындағы демалыс орындарының бірінде 6 жастағы баланың бассейнге батып көз жұмуына қатысты ресми мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Politico.kz.

Департаменттің мәліметінше, 2026 жылғы 17 шілдеде Қосшы қаласының полиция бөліміне жедел қызметтен демалыс аймақтарының бірінде шомылу кезінде кәмелетке толмаған баланың суға батып қайтыс болғаны туралы хабарлама түскен.

Аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайы анықталып жатыр. Іс аясында қажетті сот сараптамалары тағайындалған.

Ақмола облысының Полиция департаменті ата-аналар мен заңды өкілдерді балаларды су айдындары мен бассейндерде қараусыз қалдырмауға шақырды. Құқық қорғау органдары мұндай жағдайлардың алдын алу үшін қауіпсіздік талаптарын қатаң сақтаудың маңыздылығын еске салды.

Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу