ҚР Сыртқы істер министрлігі Сауд Арабиясындағы қазақстандықтарға ескерту жасады

12.10.2026 • 20:26 Қанат АЙБАР
ҚР Сыртқы істер министрлігі Сауд Арабиясындағы қазақстандықтарға ескерту жасады
79

Сауд Арабиясының азаматтық инфрақұрылымына жасалған шабуылдарға байланысты Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі аталған елде жүрген отандастарымызға арнайы қауіпсіздік ұсыныстарын жолдады, деп хабарлайды Politico.kz.

Ведомство азаматтарға келесі сақтық шараларын қатаң сақтауды тапсырады:

Аса қажеттілік болмаса, әуежайларға бармау және рейстердің мәртебесін әуекомпаниялардан алдын ала нақтылау;

Қауіпсіздіктің жоғары шараларын сақтап, жергілікті билік органдарының нұсқауларын бұлжытпай орындау;

Адамдар көп жиналатын орындар мен қауіптілігі жоғары нысандардан аулақ болу;

Мүмкіндігінше жоспарланған сапарларды кейінге шегере тұру.

Қазан айында йемендік хуситтер Сауд Арабиясының әуе кеңістігін (Мекке мен Мединаны қоспағанда) соғыс аймағы деп жариялап, әуекомпанияларды ұшуды тоқтатуға шақырған болатын. Соның салдарынан елдің әуежайлары бірнеше рет шабуылға ұшырады. Атап айтқанда, 11 қазанда Эр-Рияд қаласының әуежайына жасалған соққы салдарынан кемінде 12 адам қаза тауып, 309 адам зардап шекті.

Төтенше жағдай туындаған жағдайда Қазақстанның дипломатиялық өкілдіктеріне дереу хабарласу қажет:

Эр-Рияд қаласындағы консул: +966 55 663 01 77

Жидда қаласындағы консул: +966 53 275 80 80

Министрлік азаматтарды тек ресми ақпарат көздері мен құзыретті органдардың хабарламаларын ғана басшылыққа алуға шақырады.

Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу
Войдите, чтобы оставить комментарий