Құлыбаевтар жарты трлн алады

01.06.2026 11:30 Абзал БАХЫТЖАНОВ
Құлыбаевтар жарты трлн алады
281
Фото: ашық дереккөз

«Алмэкс» холдингтік тобы үш жылдың қорытындысы бойынша 462,3 млрд теңге дивиденд төлейді, деп хабарлайды Politico.kz порталы Forbes.kz басылымына сілтеме жасап. 

Басылымның мәліметінше, компания 2023, 2024 және 2025 жылдардағы таза табысын бөлу туралы шешімді биылғы 18 мамырда қабылдап, бір қарапайым акцияға 20 336,55 теңгеден есептеген.

Төлемдер 19 мамырдан бастап жалғыз акционердің банктік шотына ақшалай нысанда аударыла бастады, ал бұған дейін холдинг акционерлері үш жыл бойы дивиденд алудан бас тартып, соңғы рет 2022 жыл үшін 88,9 млрд теңге бөлген болатын.

Биылғы сәуір айының соңында холдингтің акционерлер құрамы өзгеріп, Тимур мен Динара Құлыбаевтардың орнына олардың өздері 2025 жылдың қыркүйегінде «Астана» халықаралық қаржы орталығында (АХҚО) құрған Almex Holding Limited компаниясы енді.

Мамыр айындағы жағдай бойынша байлығы $5,4 млрд деп бағаланған ерлі-зайыптылар елдегі ең бай бизнесмендер рейтингінде үшінші орында тұр. «Алмэкс» холдингі арқылы олар Halyk Bank-тің 61,99% үлесіне іс жүзінде иелік етеді және биылғы наурызда трансфер-агенттік қызметке лицензия алған, сонымен қатар компания 2025 жылы рекордтық көлемде 365,3 млрд теңге салық төлеген.

Войдите, чтобы оставить комментарий