Құрбылары жауыздықпен сабаған Ақнәр Гүлстанға қатысты сұмдық жайттар белгілі болды

Құрбылары жауыздықпен сабаған Ақнәр Гүлстанға қатысты сұмдық жайттар белгілі болды
20.05.2025 14:19
0
431
Фото: ашық дереккөз

KIMEP университетінің марқұм түлегі Ақнәр Гүлстанның өліміне қатысты шошырлық жайттар белгілі болды, деп хабарлады POLITICO.KZ MADENIPORTAL.KZ сайтына сілтеме жасап. 

Ақнәрдің анасының айтуынша, сол күні қызы көрші блокқа Қытайдан алып келген іш киімді екі құрбысына көрсету үшін барған. Анасының нұсқасына сүйенсек, сол сәтте екі құрбысы — қызғаныштан ба, әлде зұлымдықтан ба — Ақнәрді азаптай бастаған.

Қыз өзін өлтіргелі жатқанын сезіп, бар даусымен айқайлаған. Алайда Instagram желісіндегі aqnar_ushin парақшасының мәліметінше, көршілер көмекке келмеген.

Сол сәтте жанында болған екінші қыз — Дидар есімді бойжеткен — әжетханаға тығылып, ішінен жауып алған. Кейінірек Дидар Ақнәрдің анасына жолдаған дауыс жазбасы жарияланды. Онда ол Ақнәрдің қатты қиналып жатқанын естігенін және екінші қыздың оны буындырып жатқанын айтқан.

Еске салайық, 2024 жылғы 20 шілдеде Алматыда 22 жастағы студент Ақнәр Гүлстан тұрғын үй кешенінің жетінші қабатынан құлап, қайтыс болған. Тергеу бұл жағдайды суицид ретінде тіркеген. Алайда марқұмның туыстары оның өлер алдында қатыгездікпен азапталып, көршілері терезеден лақтырып жібергенін алға тартады.

Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий