«Құрмет пен ізет үлгісі»: Абай Бегей Мақпал Жүнісоваға тосын сый жасады
1560
Қазақстанның Халық әртісі Мақпал Жүнісова туған күніне байланысты ерекше көңілге толы сәтімен бөлісті, деп хабарлайды Politico.kz
Өнер иесінің айтуынша, туған күні қарсаңында әнші Абай Бегейден күтпеген сыйлық алған. Жылы лебіз бен гүл шоғын жолдаған өнердегі інісінің бұл әрекеті оны ерекше қуантқан.
«Евразияда тігінші қыздарға келгенімді Абай Бегейдің бауыры көріп қалып, ағасына айтыпты. Абай бауырым сол сәтте-ақ гүл алдыртып, осылайша құттықтады. Алла разы болсын, көңілімді көтеріп тастады», — деп жазды Мақпал Жүнісова.
Бұл оқиға желі қолданушыларының да назарынан тыс қалмады. Көпшілік Абай Бегейдің ілтипатын жоғары бағалап, жылы пікірлерін жаудырды.
«Адамгершілігіңізге риза болдық», «Жарайсың, Абай мырза», «Мақпал апай мұндай құрметке әбден лайық», «Өнердегі сыйластық деген осы» деп жазып жатыр оқырмандар
Соңғы жаңалықтар
29.08.2026
13:07
БАӘ-де қаза тапқан қазақстандық апалы-сіңлілі қ...
29.08.2026
12:34
Абай облысында шұғыл шақыртуға асыққан екі өрт ...
29.08.2026
11:41
Астанадағы сауда орталығында пышақ ұстаған жігі...
29.08.2026
10:51
Өмір бойғы жазасы өзгере ме? Шерхан Аймахан ісі...
29.08.2026
09:58
Непалдағы жойқын тасқын: Қазақстанның тағы бір ...
29.08.2026
09:15
Тоқаев ядролық қаруға қатысты маңызды мәлімдеме...