Құрылтай сайлауында сағат 12:00-де 4,67 млн адам дауыс берді

23.08.2026 12:10 Абзал БАХЫТЖАНОВ
Құрылтай сайлауында сағат 12:00-де 4,67 млн адам дауыс берді
50
Фото: ҚР Орталық сайлау комиссиясы

Қазақстанда Құрылтай депутаттарын сайлауда сағат 12:00-дегі жағдай бойынша 4 670 816 сайлаушы бюллетень алды. Бұл сайлаушылар тізіміне енгізілген азаматтардың 37,05%-ын құрады, деп хабарлайды Politico.kz.

Орталық сайлау комиссиясының мәліметінше, сайлаушылардың дауыс беруге қатысуы туралы деректерді астана, облыстар және республикалық маңызы бар қалалардың аумақтық сайлау комиссиялары ұсынған.

Ең жоғары көрсеткіш Қызылорда облысында тіркелді. Мұнда сағат 12:00-де сайлаушылардың 47,59%-ы дауыс берді. Жетісу облысында бұл көрсеткіш 47,29%, Түркістан облысында 43,14% болды.

Ақтөбе облысында сайлаушылардың 42,53%-ы, Шығыс Қазақстан облысында 41,89%-ы, Шымкентте 41,60%-ы дауыс берді. Қарағанды облысында көрсеткіш 40,56%-ды құрады.

Ақмола облысында сайлаушылардың 39,57%-ы, Алматы облысында 39,05%-ы, Абай облысында 38,51%-ы, Солтүстік Қазақстан облысында 38,13%-ы дауыс берді.

Атырау облысында бұл көрсеткіш 35,84%, Павлодар облысында 35,74%, Жамбыл облысында 35,54%, Батыс Қазақстан облысында 35,49%, Астанада 35,28% болды.

Ұлытау облысында сайлаушылардың 34,93%-ы, Қостанай облысында 34,72%-ы, Маңғыстау облысында 34,68%-ы дауыс берді.

Алматы қаласында сағат 12:00-дегі көрсеткіш 17,87%-ды құрады.

Орталық сайлау комиссиясы сайлаушылардың дауыс беруге қатысуы туралы келесі ақпарат сағат 14:00-де берілетінін хабарлады.

Войдите, чтобы оставить комментарий