"Қытқылдай берме": Депутат Еділ Жаңбыршин ЛГБТ насихатын қолдаушыға жауап қайтарды

05.08.2025 13:50
0
737
Коллаж: POLITICO.KZ
Депутат Еділ Жаңбыршин ЛГБТ насихатына қарсы шықты, деп хабарлайды POLITICO.KZ

Мәжіліс депутаты Еділ Жаңбыршин әлеуметтік желіде ЛГБТ насихатына тыйым салу туралы заң жобасына қатысты пікірталас барысында өзін сынаған қолданушыларға жауап қайтарды. Пікірталас кезінде депутат қарсы пікір айтқан қолданушыға қытқылдай берме деп сөгіп айтты.

Желі қолданушысы Виталий Шевченко жазба астына пікір қалдырып, мектепте гомофобияға байланысты қысым көргенін, енді дәл сондай қысымды депутаттың өзі тұтас қоғамға көрсетіп отырғанын айтты:

«Мектепте 6-сыныптан 11-сыныпқа дейін мені дәл сіз секілділер гомофобия үшін мазақ етті. Қазір 42 жастамын, ал сіз бүкіл елді буллингке ұшыратып отырсыз. Сіз депутат емессіз, сіз құбжықсыз. Масқара!», – деп жазды ол.

Жаңбыршин бұл сынға:

«Үйде немен айналыссаң да өз еркің. Бірақ ЛГБТ-ны насихаттаудың қажеті жоқ. Тыныш өмір сүр де, бұл туралы қытқылдай берме! Сен адамзаттың масқарасысың!», – деп жауап берді.

Пікірталастан кейін депутат жеке парақшасында арнайы жазба жариялап, ЛГБТ тақырыбын қорғап жүрген кейбір топтардың артында сыртқы күштер мен қаржы көздері тұруы мүмкін екенін ескертті. Ол өз жазбасында қоғамды дәстүрлі құндылықтарды қорғауға шақырды.

– Қоғам болып ЛГБТ насихатына белсенді түрде қарсы тұруымыз қажет. Бұл қауіпті мәселені көтергенім үшін мен - "монстр", мен - "позорище" екенмін!, – деді Жаңбыршин.

Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий