Қызылордада 15 жастағы оқушы пышақталды: күдікті қамауға алынды

Қызылордада 15 жастағы оқушы пышақталды: күдікті қамауға алынды
07.10.2025 13:03
0
113
Фото: Anna Shvets

Қызылордада 15 жастағы оқушы пышақ жарақатымен ауруханаға түсті, деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Қызылордада 15 жастағы мектеп оқушысы пышақ жарақатымен ауруханаға түсті. Полицияның хабарлауынша, күдікті де кәмелетке толмаған жасөспірім болып шықты.

Жәбірленуші кеуде және іш қуысынан бірнеше жарақат алған. Ол дереу облыстық көпсалалы балалар ауруханасына жеткізіліп, шұғыл ота жасалды. Дәрігерлердің айтуынша, қазіргі уақытта баланың өміріне қауіп төніп тұрған жоқ және ол хирургия бөлімінде ем қабылдап жатыр.

Бұл оқиғаға байланысты полиция Қылмыстық кодекстің 106-бабының 2-бөлігі бойынша қылмыстық іс қозғады.

Қызылорда облыстық полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары Серік Тоқтыбаевтың айтуынша, күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қазіргі таңда оқиғаның барлық мән-жайын анықтау бойынша тергеу амалдары жүргізілуде. Істің тергелу барысы полиция департаменті басшылығының ерекше бақылауына алынды.

Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий