Қызылордада 15 жастағы қызды зорлаған студент амалдың жоғынан оған үйленген

05.12.2025 14:02 Мөлдір Талғат
Қызылордада 15 жастағы қызды зорлаған студент амалдың жоғынан оған үйленген
0
167
Фото: ашық дереккөз

Қызылорда облысында 15 жастағы қызды 21 жастағы колледж студенті бірнеше рет зорлағаны анықталды, деп хабарлайды POLITICO.KZ.

Жәбірленушінің сөзінше, ол жігітпен бірге жұмыс істеп жүргенде танысқан және екеуі дос ретінде араласып жүрген. Ортақ таныстарының үйіне қонаққа барған кезде жігіт оны алғаш рет сол жерде зорлаған. Қыздың айтуынша, жігіт азғындық әрекетін жасағаннан кейін оны үйіне өзі апарып, ешкімге тіс жармауын талап етіп, қорқытқан.

Студент жігіт бұл әрекетін бірнеше рет қайталаған. Кейін қыздың анасы болған жағдайды біліп қойған. Осыдан кейін жігіт кешірім сұрап келіп, қызға үйленетінін айтқан. Алайда үйленгеннен кейін де ол қызға жүйелі түрде қол көтеріп, ұрып-соғып қана қоймай, тіпті саусақтары мен қолдарын тіліп тастайтын деңгейге жеткен.

Оқиғадан кейін полиция күдіктіні қамауға алды.

Қызылорда облыстық полиция департаменті бұл туралы:

«Кәмелетке толмаған қызға қатысты құқыққа қайшы әрекеттер бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдікті дереу ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды. Қазір болған оқиғаның барлық мән-жайларын анықтауға бағытталған тергеу амалдары жалғасып жатыр» деп мәлімдеді.
 

Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий