Қызылордада жалған ақпарат таратып, полицияға құрметсіздік танытқан бойжеткен қамауға алынды
893
Қызылорда қаласының 22 жастағы тұрғыны Шұғыла Сабит түнде тыныштықты бұзғаны, полиция қызметкерлерінің заңды талаптарына бағынбағаны, ұсақ бұзақылық жасағаны және жалған ақпарат таратқаны үшін жауапкершілікке тартылды, деп хабарлайды Politico.kz.
Сот шешімімен бойжеткен әкімшілік қамауға алынып, оған айыппұл салынды, сондай-ақ ресми ескерту жасалды. Заңды шаралар қабылданғаннан кейін ол әлеуметтік желілердегі тиісті жазбаларын өшіріп тастады.
Бұған дейін бойжеткен әлеуметтік желіде өзін «күлгені үшін» жауапқа тартты деген шындыққа жанаспайтын ақпарат таратып, билік өкілдеріне шенеусіз құрметсіздік танытқан болатын.
Полиция өкілдері құқық қорғау органдарының қызметкерлеріне құрметсіздік білдіру, провокациялық әрекеттер жасау және жалған ақпарат тарату жауапсыз қалмайтынын және оған құқықтық баға берілетінін тағы да ескертеді.
Соңғы жаңалықтар
08.10.2026
23:14
Көкшетауда 4 жасар бала ашық құдыққа құлап көз ...
08.10.2026
22:43
Шымкент тұрғындарының жылуға төлейтін қарызы 82...
08.10.2026
22:33
Пәтерін жалға берген астаналық 4 айдан бері үй...
08.10.2026
22:32
«Елді мақтан ету – басты мақсат»: ҚФФ ұлттық қ...
08.10.2026
22:24
Мұхит Сапарбаев: Шоу-бизнесте арықтатын қытай д...
08.10.2026
21:59
Перизат Алпыс: Күйеуім бірінші некеден туған ұл...