"Ракпен күрескен": белгілі актер өмірден өтті

Ашық дереккөз

Белгілі түрік актер Эмре Тёрюн 52 жасында қайтыс болды. Ол ұзақ уақыт бойы ұйқыбез обырына (панкреатикалық рак) қарсы күресіп келген. Бұл туралы түрік және әзербайжан БАҚ-тары хабарлады.

Эмре Тёрюн Түркиядағы көрермендерге ғана емес, Қазақстан мен Әзербайжан жұртшылығына да жақсы таныс болатын. Ол "Beşinci Boyut", "Büyük Buluşma", "Çocuklar Duymasın" сынды танымал телесериалдар арқылы көрермен жүрегінен орын алған.

Актер соңғы айларда бірнеше рет ауруханаға жатқызылған. Түркияның өнер және кино қауымдастығы оны еске алып, әлеуметтік желілерде көңіл айтып жатыр. Эмре Тёрюнді соңғы сапарға шығарып салу рәсімі Ыстамбұл қаласында өтетіні хабарланды.

Эмре Тёрюн өнердегі ізін қалдырған, өз ісіне адал актер ретінде есте қалады.

Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу