"Райымдай күйеу жолықсын": Ерке Есмахан жолдасымен мақтанды
Танымал әнші Ерке Есмахан әлеуметтік желіде оқырмандарына күйеуі Райымбек Бақтыгереев (Raim) туралы айтып, отбасылық бақыттың сырымен бөлісті, деп хабарлайды Politico.kz.
Өнер иесі қыз өсіріп отырған аналарға ақ тілегін білдіріп, күйеуін мақтан тұтатынын жеткізді.
«3 баланың анасы, жар, әнші, өмірдің азды-көпті сынақтарын көрген қазақтың қызы ретінде айтарым: 4 қызыңызға Райымдай жар, өзіңізге Райымдай күйеу бала жолықса, бақыттарыңыз еселенеді. Бұл — мақтағаным емес, барымды бағалап, мақтанғаным. Аллаға сансыз шүкір!» – деді әнші.
Сондай-ақ ол әйел затының өміріндегі ер азаматтың орны ерекше екенін айтып, қыз тағдырына алаңдайтынын жеткізді.
«Қыз қанша жерден мықты, ақылды, сұлу болса да, қасындағы жары дұрыс болмаса, оның бәрі бекер. Бұл — өмірдің шындығы. Ниетіңізді Алла қабыл етсін! Бармақтай бақ берсін, бақытты болсын қыздарыңыз. Қыз баланың тағдыры мені алаңдататынын “Дауыс” альбомымнан да байқаған шығарсыздар. Жақсы сөз, жақсы ниет бәрін жеңеді», — деп жазды Ерке Есмахан.
Соңғы жаңалықтар