Ресейде із-түссіз кеткендерге қатысты сот істері жаппай құпиялана бастады

31.12.2025 12:04 Мөлдір Талғат Мөлдір Талғат
Ресейде із-түссіз кеткендерге қатысты сот істері жаппай құпиялана бастады
0
130
Фото: ТАСС, Кирилл Кухмарь

Ресейде соңғы жылдары жоғалған немесе қаза тапқан азаматтарды тануға байланысты сот істері жаппай ашық қолжетімділіктен алынып жатыр, деп хабарлайды Politico.kz.

«Медиазона» порталының мәліметінше, соңғы үш жыл ішінде ел соттарында осындай 111 мыңнан астам іс тіркелген. Алайда қазір олардың тек 41 мыңы ғана ашық дереккөздерде сақталған, ал 70 мыңға жуық іс сот сайттарынан толықтай жоғалып кеткен.

Ең сорақысы – 2025 жылы Ресейдің 50 аймағында жоғалған адамдарға қатысты тіркелген сот істері мүлде көрінбейді. Бұл деректердің неге жойылғаны туралы ресми түсіндірме берілмеген.

Мәселен, бұрын жоғалғандар жөніндегі арыздар саны бойынша алдыңғы қатарда болған Ростов облысындағы Октябрь аудандық сотына 2024 жылдың басынан бері 4 мыңнан астам арыз түскен. Қазір соттың ресми сайтында сол істердің бар болғаны 102-сі ғана сақталған.

«Медиазона» сарапшыларының айтуынша, дәл осы сот істерінің статистикасы Ресей армиясының адам шығынын жанама түрде бағалауға мүмкіндік беріп келген. Ал істердің жабық режимге көшірілуі соғыс салдарынан жоғалған немесе қаза тапқан адамдардың нақты санын тәуелсіз бақылауды қиындатып отыр.

Ашық сот базаларындағы деректердің жаппай өшірілуі – ақпаратқа қолжетімділікті шектеу, сондай-ақ қоғамнан маңызды мәліметтерді жасыру әрекеті ретінде бағалануда. Бұл үрдіс Ресейдегі сот жүйесінің ашықтығына қатысты үлкен сұрақтар туғызды.

Қазақстандықтар үшін бұл жағдай көрші елдегі ақпарат саясатының қатаңдай түскенін, сондай-ақ соғысқа байланысты деректердің барынша құпияланып жатқанын айқын көрсетеді.

Google News

Следите за нашими новостями в Google News

Подписаться
Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий