“Робин гуд”: Тележурналист блогер жайында пікір білдірді

15.01.2026 23:10 Берік Арманов Берік Арманов
“Робин гуд”: Тележурналист блогер жайында пікір білдірді
0
205
Фото: әлеуметтік желі

Тележүргізуші Ерқанат Көпжасар қазақ блогері Қайсар Қамзаның неліктен іздеуде жүргенін түсіндірді, деп хабарлайды Politico.kz.

"Шетелде ойына келгенін істеп, аузына темекісін тістеп, мас, жалаңаш видеоларымен танылған блогерге іздеу жарияланыпты. Биыл орда бұзар отызға толған жігіттің шетелдегі сауық-сайранын миллиондар сүйсініп көреді. Фанаттары да жетеді. «Пах-пах, ғажап қандай, шіркін!» деп тамсанып отырады аста-төк өмірге. Ал бұл ақшаны қайдан алады деп сұрап жатқандары сирек. Сүйтсек, Қайсар өзінің блогы арқылы өзіміздің қаракөздерімізді сауын сиырдай сауып жүріпті, букмекерлер арқылы миллиондарды тауып жүріпті. Бюджетке бір тиын салық төлемеген. Табысын жасырып келген. Сонымен, соттың шешімімен Қайсардың 180 мыңнан астам доллар тұратын криптовалютасы бұғатталды. Бұл — тек криптовалюта. Басқа айналымдарда қанша қаражат жатқаны Қайсардың қара басы ғана біледі. Негізі мәселе о да емес. Қайсар өзі шетелде жатып: “Мен не істеп қойдым, БТА-ны тонамаған сияқты едім ғой” — деп мысқылдап, өзін құрбан секілді көрсеткенсіп видео салды. Ойпырым-ай астындағы комментарийді оқысаңыздар, енді жағаларыңыз болса, жағаңызды ұстайсыз, болмаса бетіңізді шымшисыз. Халық батыры, ұлт тұлғасы, ғасыр меценаты істі болғандай ұлардай шулаған топ. Тіпті Қайсарды сол топ Робин Гудпен тең көретінін байқайсыз. Тағы да Стокгольм синдромы. Ауыр негізі", - деп жазды ол.

Оның айтуынша, бұл — жай ғана блогер туралы пікір емес, бұл ұлттық танымның тұманданып, құндылықтардың құлдырағанын көрсететін жайт.

“Сарт-сұрт еткен” бос мақтан мен арзан күлкі, құмар ойын ел ішін жайлап барады. Қайсар Қамза секілді ар мен ұяттың емес, нәпсі мен пайданың соңында желіккен желөкпелерді Робин Гудқа теңеу бұл рухани мүгедектіктің белгісі. Арзан жарнаманың буына мас болып, анайылықтың батпағына батқан жаннан ізгілік іздеу — шөл даладан су сұрағанмен бірдей. Таяздық тасқыны таудай толқып келе жатқанда, сананың саңылауын сақтай алмаған топтың халі өте мүшкіл. Және олардың көбейіп бара жатқаны өкінішті…", - деді журналист.

Google News

Следите за нашими новостями в Google News

Подписаться
Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий