Семейде екі кәсіпкер құм ұрлаймыз деп істі болды

Семейде екі кәсіпкер құм ұрлаймыз деп істі болды
28.04.2025 17:37
0
64
Фото: gov.kz

Семей қаласында екі кәсіпкер бір жыл бойы заңсыз құм өндіріп келген, деп хабарлайды POLITICO.KZ. 

Кәсіпкерлер 2023 жылдың қыркүйегі мен 2024 жылдың қазаны аралығында Семей қаласы аумағында лицензиясыз құм өндіріп, оны сатқан. Олар заңсыз түрде 68 мың тоннадан астам құм өндіріп, мемлекетке 272 миллион теңге көлемінде залал келтірген.

Күдіктілер құрылыс материалдарын өндіруші зауыттарға құмды өткізіп, жалған сертификаттар дайындаған. Оны сатудан түскен қылмыстық табыс 150 миллион теңгеден асты. Олар түскен қаражаттың бір бөлігіне фронтальды тиегіш сатып алған. Ол арқылы тағы 6,2 миллион теңге мөлшерінде табыс тапқан.

Күдіктілердің 181 миллион теңгеден астам сомаға бағаланған мүлкі тәркіленді. Мүліктердің қатарында 11 автокөлік, 2 пәтер, жер учаскесі және 17 миллион теңге көлеміндегі дебиторлық қарыз бар.

Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий