Серікзат ақын ұлының қазасынан кейін болған таңғажайып оқиғаны бөлісті

07.11.2025 13:29 Берік Арманов
Серікзат ақын ұлының қазасынан кейін болған таңғажайып оқиғаны бөлісті
0
157

Танымал ақын, ғалым, зерттеуші Серікзат Дүйсенғазы өміріндегі таңғажайып оқиғасымен бөлісті, деп хабарлайды POLITICO.KZ kznews.kz-ке сілтеме жасап.

Бұл туралы ақын өзінің желідегі парақшасында бөлісті. 

«2023 жылы 16 жастағы ұлым, халықаралық деңгейдегі олимпиадалардың жеңімпазы болған Әлихан Серікзатұлы Мақсұт деген ұлым, шаңғы теуіп жүріп, көз алдымда опат болды. Көкшетауда таудың басында.

Барлығы маған ұл тіледі. Сол кезде менің жалғыз ұлым болған, екі қыз, бір ұл еді отбасымда. Бәрі қайғырып, тіпіт анам қайғыдан өмірден өтіп кетті. Бәріміз есеңгіреп жүрдік. Сол кезде таңғажайып оқиға болды. 

Ешқандай жоспарымызда жоқ, кішкентай балапан анасының құрсағына бітті. Тура ағасы қайтыс болған күннен дәл тоғыз айда, мысалы 2 қаңтар күні өмірден өтті кешке қарай, 3 қазан күні таңғы уақытта дүниеге келді. 

Бір күн ары, бір күн бері емес. Осындай таңғажайып оқиға болды. Сондықтан інісінің атын Әлиханға ұйқастырып, Әлімхан деп қойдық. Әлиханның атын академик, ұстазым Рымғали Нұрғали ағамыз қойған болатын. 

Әлімханның атын академик Дихан Қамзабекұлы ағамыз қойды. Осындай отбасымызда таңғажайып жағдай болды. Қазір ағасының ізбасары өсіп жатыр. 2 жастанасты», — деді ғалым.

Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий