"Шахановқа бердім": Қалдыбек Құрманәлі Заманбек Нұрқаділовтің құпия құжаттары қайда екенін айтты

24.11.2025 10:03 Мөлдір Талғат
0
86
Фото: ашық дереккөз. Суретте: Заманбек Нұрқаділов, Қалдыбек Құрманәлі

Танымал композитор Қалдыбек Құрманәлі Qazaq Aıran арнасына берген сұхбатында саясаткер әрі қоғам қайраткері Заманбек Нұрқаділовке қатысты көпшілікті алаңдатқан маңызды деректі бөлісті, деп хабарлайды POLITICO.KZ.

Құрманәлінің айтуынша, Нұрқаділов өмірінің соңғы кезеңінде өзіне қауіп төнуі мүмкін екенін алдын ала сезіп жүрген.

«Зәкеңнің құпия құжаттары туралы жиі айтылады. Ол кісі расымен де қандай да бір қатердің барын сезген сияқты. Сол уақыттарда бірнеше адамға өзі хат жазды. Сол хаттардың бірін Мұхтар Шаханов ағамызға апарып берген едім. Мұхаң хатты өз қолымен оқыды, бірақ ішінде не жазылғанын маған айтпады», – дейді композитор.

Оның сөзінше, хаттарда аса маңызды материалдарға қатысты тек кіріспе мәліметтер ғана көрсетілген, ал негізгі құжаттар Нұрқаділовтің шетелге жасаған сапарларының бірінде сыртқа шығарылған болуы мүмкін.

«Шетелге барған кезде сол құжаттарды жәшікке салып кеткен сияқты. Бірақ ол қандай құпия – нақты білмеймін. Әйтеуір үлкен дүние болғаны анық. Себебі дәл солардан кейін ол кісіге қастандық жасалды ғой», – деп түйіндеді Қалдыбек Құрманәлі.

Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий