«Шаруа сонымен тәмам»: Жандарбек Бұлғақов желідегі дауға нүкте қойды

22.01.2026 14:05 Айсұлу Мұрат Айсұлу Мұрат
«Шаруа сонымен тәмам»: Жандарбек Бұлғақов желідегі дауға нүкте қойды
234
Фото: видеодан скриншот

Айтыскер ақын Жандарбек Бұлғақов әлеуметтік желіде өрбіген дауға қатысты өз ұстанымын білдірді, деп хабарлайды Politico.kz

Ақынның пікіріне әнші Yenlik орындайтын BIPL әніне байланысты айтқан ойы себеп болған. Талқылау Threads әлеуметтік желісінде қызу пікірталасқа ұласқан.

Жандарбек Бұлғақов өз парақшасында тараған пікірлерге тоқталып, бастапқыда қойылған сауалдың тек әннің мазмұнына қатысты болғанын атап өтті. Оның айтуынша, көпшілік арасында туындының мағынасын байыппен таразылап, салмақты пікір қалдырғандар да аз болмаған.

«Threads парақшам біраз аунап түскендей болды. Ендеше, жауап берейін.
Бастапқы сұрақ “Бұл қай ән? Кім қалай түсінді?” деген еді. Кейбірі “Бұл Еңліктің әні, мағынасы мынадай” десе, енді бірі “ештеңе түсінбедім” деп ашық айтты. Негізгі әңгіме осымен аяқталуы керек еді», – деп жазды айтыскер.

Сондай-ақ ол өзін «қыз баланы сынады» деген айыптаулармен келіспейтінін де жасырмады. Ақын өнер иесінің жеке болмысына емес, тек шығарманың тақырыбы мен мазмұнына назар аударғанын қадап айтты.

«Өнерпаздың жынысына, сырт келбетіне не жеке тұлғасына қатысты бір ауыз сөз айттым ба? Әңгіме ән мәтіні жайлы болды», – деп түйіндеді ол.

Жандарбек Бұлғақовтың бұл жауабынан кейін де желі қолданушылары екіге жарылып, пікірталас әлі де жалғасып жатыр.

Google News

Следите за нашими новостями в Google News

Подписаться
Войдите, чтобы оставить комментарий