ШҚО-да жантүршігерлік жол апаты болды: Екі адам оқиға орнында қаза тапты

ШҚО-да жантүршігерлік жол апаты болды: Екі адам оқиға орнында қаза тапты
Видеодан кадр
Шығыстағы жол апаты екі адамның өмірін жалмады

24 сәуір күні Шығыс Қазақстан облысында адам өлімімен аяқталған ірі жол-көлік оқиғасы тіркелді, деп хабарлайды Politico.kz.

Қайғылы жағдай Алматы – Өскемен – Ресей Федерациясы шекарасы автожолының 1139-шақырымында, Глубокое ауданындағы Березовка ауылы маңында болған.

Алдын ала мәлімет бойынша, «Mazda» және «JAC» автокөліктері соқтығысқан. Салдарынан «Mazda» көлігінің жүргізушісі мен жолаушысы оқиға орнында көз жұмды. Ал «JAC» көлігінің жүргізушісі түрлі жарақаттармен ауруханаға жеткізілді.

Шығыс Қазақстан облыстық полиция департаментінің хабарлауынша, қазіргі уақытта оқиға орнында тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Жол апатының нақты себептері анықталуда. Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу