"Штраф салып басты қатырасыңдар": Атышулы Бағдагүл сынықшы наразылығын білдірді

24.07.2026 10:40 Мөлдір ҚАЙНАР
424
Фото: видеодан скриншот

Танымал Бағдагүл сынықшы желіде өзіне жала жапқан емделушісінің хатын бөлісіп, өз ренішін жеткізді, деп хабарлайды Politico.kz.

Сынықшының айтуынша, емделушілердің бірі оның үстінен шағым түсіріп, ақша алады деп айыптаған. Бұған ашуланған Бағдагүл сынықшы ешкімді күштеп емдемейтінін және Астанадағы орталықтың арендасын төлеу керегін алға тартты.

"Білмеймін, әрбір жексенбі халықтың алғысын тындаймын. Мен ешкімді зорлықпен ем жасап жатқаным жоқ! 10 мың теңге енді, Астанадағы адам қарау орталығының арендасын қалай төлеуім керек? Ұнамаса, неге келесіңдер? Талдың түбінде отырып, далада қарамайтын шығармын. Штраф салып тағы басты қатырасыңдар?", – деп жазды ол.

Сондай-ақ орталықта өзі тікелей ақша ұстамайтынын айтқан сынықшы жағдайы ауыр жандарға тегін көмектесетінін де жеткізді.

"Мен тіпті ақша ұстамаймын да! Кіре берісте көмекші қабылдап алады. Өтірікті де шамалы келістірсеңіз болады ғой. Жағдайы ауыр кісілерге, ағайын тума, бауырлар, жерлестер, тумалар, достар, құда-жекжат бір тиын алмай тегін қараймыз. Біреуді атағына, байлығына қарап емдеп жатқан жоқпыз", – деді Бағдагүл сынықшы.

Войдите, чтобы оставить комментарий