Шығыс Қазақстанда таныстарын жұмысқа жалған тіркеген «ҚАЖсервис» басшысы сотталды
Шығыс Қазақстан облысында республикалық маңызы бар автожолдарды күтіп ұстаумен айналысатын «ҚАЖсервис» мекемесі филиалының бұрынғы директоры жұмысқа адамдарды жалған тіркегені үшін сотталды, деп хабарлайды Politico.kz.
Сот барысында кәсіпорын жетекшісінің лауазымды тұлғалар мен олардың туыстарының сұрауы бойынша ешқашан жұмысқа шықпаған адамдарды ресми түрде тіркеп, оларға тұрақты түрде жалақы төлеп келгені анықталды. Бұрынғы басшы осы әрекетін іске асыру үшін жұмыс уақытын есепке алу табельдері мен өзге де қаржылық құжаттарды заңсыз бекітіп отырған.
Бастапқыда бірінші сатыдағы сот айыпталушыға негізсіз рақымшылық жасау туралы шешім қабылдағанымен, көлік прокуратурасының шағымынан кейін апелляциялық алқа бұл үкімді бұзды.
Қазіргі таңда кінәлі тұлға тиісті жазасына кесіліп, мемлекет қазынасына келтірілген шығын толық қайтарылды және сот үкімі заңды күшіне енді.
Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу
Соңғы жаңалықтар
14.11.2026
13:53
«Қазақмыс» «Парыз–2026» байқауында үздік әлеуме...
14.11.2026
13:33
Алматыдағы қарттар үйінде бес күн болған қария ...
14.11.2026
12:25
Көкшетауда мас жолаушылар автобус жүргізушісін ...
14.11.2026
11:36
Алматыда діни экстремизмді насихаттады деген кү...
14.11.2026
10:27
Орман директорларын қорқытып, ақша жинаған ба? ...
14.11.2026
09:16
Семейде медицина қызметкерін қорлаған ер адам ұ...