Шымкентте санэпидбақылау басшысы парамен ұсталды
ЖАЛҒАСЫ
-
ҰҚК Шымкенттегі санэпидбақылау басшысын тергеп жатыр
09.09.2026, 19:10
1 қыркүйекте Шымкентте Тұран ауданы бойынша санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының бастығы Мұрат Бейсенбаев пара алып жатқан жерінде ұсталды. Бұл ақпаратты журналист Михаил Козачков таратты.
Шенеунікті қалалық Ұлттық қауіпсіздік комитеті департаментінің Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл қызметі құрықтаған. Ол кәсіпкерлерден жүйелі түрде ақша жинады деген күдікке ілінді.
Тергеу мәліметтеріне сүйенсек, басқарма басшысы өзінің қарамағындағы қызметкерлер арқылы әрекет еткен. Олар мекеменің оң қорытындысын бергені үшін бизнес өкілдерінен заңсыз сыйақы алып отырған.
Қазіргі уақытта Қылмыстық кодекстің 366-бабының 2-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр. Заңның бұл тармағында «Адамдар тобы құрамында пара алу» қылмысы қарастырылған.
Politico.kz аталған жағдайға қатысты құзыретті органдарға ресми сауал жолдады.
Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу
Соңғы жаңалықтар
18.10.2026
16:57
Отандық такси деген атаққа лайық па? Qajet-ке қ...
18.10.2026
16:00
Алматыда түнде қоймалар өртенді
18.10.2026
14:25
Қазақстанда медицинаға 2030 жылға дейін 23 трил...
18.10.2026
13:03
Шымкентте қызғаныштан шыққан жанжал адам өлімім...
18.10.2026
12:01
Өскеменде басына әйелдің ішкиімін киіп жүрген е...
18.10.2026
10:46
Қазақстан бадминтон федерациясының президенті 1...