Шымкентте шенеуніктен 10 млн теңге бопсалаған блогер-журналист ұсталды

07.11.2025 13:15 Арман Ермеков Арман Ермеков
Шымкентте шенеуніктен 10 млн теңге бопсалаған блогер-журналист ұсталды
0
1122
Күдіктіні ұстау сәті/Фото: бейнеден кадр

Шымкентте мемлекеттік қызметшіден 10 млн теңге бопсалады деген күдікпен блогер ұсталды, деп хабарлайды POLITICO.KZ ҚР Ішкі істер министрлігіне сілтеме жасап.

Шымкент қаласының полиция қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шаралары барысында лауазымды тұлғадан ақша бопсалаған блогер-журналисті қолға түсірді.

Алдын ала мәліметке сәйкес, күдікті жергілікті әкімдік қызметкерінен 10 миллион теңге көлемінде ақша талап еткен. Егер бұл сома төленсе, ол әлеуметтік желілерде мемлекеттік органдардың қызметін қаралайтын материалдарды таратпауға уәде берген.

Аталған жайт бойынша дереу қылмыстық іс қозғалды. Тергеу аясында күдіктінің тұрғылықты жері мен кеңсесінде тінту жұмыстары жүргізілген. Нәтижесінде электрондық құрылғылар мен іске қатысты өзге де заттай айғақтар тәркіленді.

Қазіргі таңда күдікті уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды. Полиция оқиғаның барлық мән-жайын анықтау үшін тергеу әрекеттерін жалғастыруда.

Google News

Следите за нашими новостями в Google News

Подписаться
Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий