Шымкенттік экс-депутат Қуаныш Дәулетәлиевке іздеу жарияланды
811
Шымкент қалалық мәслихатының бұрынғы депутатына іздеу жарияланды, деп хабарлайды POLITICO.KZ
Шымкент қалалық мәслихатының бұрынғы депутаты, кәсіпкер Қуаныш Дәулетәлиевке іздеу жарияланды. Бұл туралы ақпарат Құқықтық статистика және арнайы есепке алу органдарының ресми порталында пайда болды.

Порталдағы мәліметке сәйкес, 48 жастағы Қуаныш Әмірсейітұлы Дәулетәлиев бір күннен бері іздеуде. Іздестіру ісіне сот органдары бастамашы болған, оны Шымкент қаласы Тұран ауданының полиция басқармасы жүргізіп жатыр.
Айта кету керек, Қуаныш Дәулетәлиев бұған дейін Шымкент қалалық мәслихатының депутаты және «Ауыл» партиясының мүшесі болған.
Сурет: «АУЫЛ» ПАРТИЯСЫ
Соңғы жаңалықтар
18.07.2026
15:12
Air Astana-дан 1 миллиард теңгеден астам қаржы ...
18.07.2026
14:53
Жаңа әкім мен Қазақмыс басшылығы Сәтбаевтың еск...
18.07.2026
14:25
Балқаш халқы металлургтер күнін жағажайда дүркі...
18.07.2026
14:11
Нұрай Серікбайдың ісі бойынша алғашқы сот отыры...
18.07.2026
13:31
«Кешірім сұрай саламын»: Динара Сәтжанмен сотта...
18.07.2026
12:27
«Басыңды жұлып аламын»: Қостанайда дәрігерге қо...