Си Цзиньпин: Қытай Қазақстанның ішкі істеріне киліккендерге қарсы тұрады
1382
Қытай Халық Республикасының Төрағасы Си Цзиньпин алдағы мемлекеттік сапар алдында Қазақстанның бұқаралық ақпарат құралдарына арнап жазған авторлық мақаласында ресми Бейжіңнің Астанаға қатысты саясатының негізгі ұстындарын атады.
«Қытай даналығы досқа айтқан әр сөздің үдесінен шығу керектігін өсиет етеді. Қазақстандық достарымызбен әрі қарай да шынайылық пен сенімге негізделген қарым-қатынасты орната береміз. Стратегиялық тұрғыда үйлескен өзара саяси сенімді тереңдетіп, бір-біріміздің түпкілікті мүддеміз бен негізгі алаңдататын мәселелерде өзара қолдауды арттыра береміз. Қытай тарапы Қазақстанның ұлттық қауіпсіздігін, егемендігі мен аумақтық тұтастығын қорғауға, өз бетімен таңдап алған даму жолын ұстануға, мемлекеттің гүлденуіне қажетті ішкі және сыртқы саясатын іске асыруға бағытталған күш жігерін қолдаудан айнымайды, Қазақстанның ішкі істеріне киліксе, кімге болса да қарсы тұрады. Өзара сыйластық, тату көршілік, өзара көмек және өзара тиімділік сияқты төрт маңызды қағидатты дамытып, арттыру екіжақты қарым-қатынастың орнықты динамикасын сақтауға негізделген», - деп жазады Қытай басшысы.Оның пайымынша, Қытай мен Қазақстан экономикасы құрылымы жағынан бір-бірін толықтырып тұр.
«Бір белдеу және бір жол» бастамасы мен Әділетті Қазақстан экономикалық бағдарын ұштастырып іске асыруға бірлесіп күш саламыз. Қазақстандық тауарлардың алпауыт қытай нарығына жолын кеңейтіп, Қытай дамуының мүмкіндіктерін бірлесіп пайдаланамыз», - деді Си Цзиньпин.Си Цзиньпин мақаласында осы мемлекеттік сапарының мәнін түсіндіреді. Сондай-ақ онда қытайлықтардың дастарханында қазақстандық өнім көбейе түскені айтылған. ҚХР төрағасы авторлық мақаласында Қытай мен Қазақстанның мәдени байланысына еңбек етіп жүрген қазақтарды атап, екі ел арасындағы визасыз режимнің артықшылығына тоқталады. Бұған дейін хабарланғанындай, 2-4 шілде күндері Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың шақыруымен Қытай Халық Республикасының Төрағасы Си Цзиньпин Қазақстанға мемлекеттік сапармен келеді. Ол сондай-ақ, Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттер басшылары кеңесінің 24-ші отырысына қатысады. Бір-біріне басты сауда-экономикалық серіктеске айналған қос мемлекеттің басшыларының кездесуінде қандай мән бар? Kazinform тілшісі талдап көрді.
Соңғы жаңалықтар
11.08.2026
08:44
Тоқаев Шавкат Рахмоновқа әкесінің қазасына байл...
11.08.2026
08:30
Астана–Петропавл автожолында екі көлік соқтығыс...
10.08.2026
22:54
15 жастағы қазақстандық спортшы Азия чемпионаты...
10.08.2026
21:22
Бейжіңде Абайдың «Қара сөздері» 12 тілде таныст...
10.08.2026
20:08
Қытай мен Еуропа арасындағы жүктің 83%-ы Қазақс...
10.08.2026
20:00
Бурабайда туристерді тасымалдаған электроавтобу...