Сириядағы қазақтардың қазіргі жағдайы

19.12.2024 14:24 Арман Ермеков Арман Ермеков
Сириядағы қазақтардың қазіргі жағдайы
277
Ашық дереккөз
Сирияда Қазақстан азаматтарының саны 33-ке жетті

Қазақстанның Сыртқы істер министрлігі Сириядағы қазақстандықтар туралы жаңа ақпаратты жариялады, деп хабарлайды POLITICO.KZ.

Сыртқы істер министрінің орынбасары Әлібек Бақаевтың айтуынша, қазіргі уақытта Сирияда 30-дан астам қазақстандық бар, нақты саны 33 деп көрсетілді.

Оның сөзінше, негізінен бұл әйелдер, олар Сирия азаматтарына тұрмысқа шығып, балаларын дүниеге әкелген. Сириядағы жағдай қиындағаннан кейін Қазақстанның консулдары онымен байланысқа шығып, қайтуға дайын адамдарға көмек көрсетуде.

«Қайтуға ниет білдіргендер елімізге оралды. Ал қалғандары Сирияда қалып отыр, бірақ біз оларға үнемі байланыстамыз», – деп атап өтті Бақаев.

Сондай-ақ, оның мәлімдеуінше, Сириядан, Газа секторынан және Ливаннан жалпы 129 қазақстандық оралды. Ливаннан 69 азамат келді.

Бақаевтың айтуынша, кейбір отбасылардың құрамында басқа азаматтығы бар балалар бар екенін ескеру қажет.

Ақпарат nur.kz сайтынан алынған.

Google News

Следите за нашими новостями в Google News

Подписаться
Войдите, чтобы оставить комментарий