"Сонша ақшаға пустышка әшекей сатуыңыз дұрыс болмады": Бақыт Тұрман танымал коучты ауыр сынап тастады
Әнші Бақыт Тұрман желіде белгілі коуч Айнұр Бектұрғанның бағасы қымбат сотуар сату әрекетін қатаң сынға алып, оны халықтың көңілін пайдаланды деп айыптады, деп хабарлайды Politico.kz.
Сынның тууына коучтың "шынар ағаш" сотуарын жарнамалап, "бір сотуарға барлық ананың махаббатын сыйғыздық" деген мәлімдемесі себеп болған. Бұрын оның тегін кеңестерін тыңдап жүргенін айтқан әнші мұны халықтың қалтасына түсу деп бағалады.
"Сізді осыған дейін тыңдап, ойларыңызға тәнті болып жүр едім. Әйтеуір халықтың қалтасына түспей, тегін ақыл айтатын адам табылды-ау деп. Бірақ прогресс жасап келіп, әңгімеңізге аңқау әйелдерді байлап алып, сонша ақшаға тренинг өткізіп, енді мынау Айнұр Тұрсынбаева, Ерке Есмахан сынды пустышка әшекейлерді удай қымбат ақшаға сатуыңыз дұрыс болмады", – деп жазды Бақыт Тұрман.
Сонымен бірге өнер иесі бұл әрекетті "кезекті лохотрон" деп атап, егер шын жанашыр болса, ақыл-кеңесті тегін беруге шақырды.
"Тағы бір лохотрон, өкінішке орай. Тағы бір аңқау халықтың кіршіксіз көңілін жаулаған, жалған үміт таққан, қиындығына қиындық қосқан әрекет. Соншалықты ақыл болса, жеткізгіңіз келсе, тегін-ақ істесеңізші. Сол әкеңізден қалған ақылды пайдаға жаратып, Алла разылығы үшін жасаған әрекетіңіз болсын", – деді әнші.
Соңғы жаңалықтар