Шерзет Полат ісі: сотта сарапшы Нұрқанат Ғайыпбаевтың қандай жарақаттар алғанын мәлімдеді

Шерзат Полаттың өліміне байланысты өтіп жатқан сот процесінде Нұрқанат Ғайыпбаевтың алған жарақаттары туралы сот-медициналық сарапшы мәлімдеді.
Алматы облысы сот-медициналық сараптамалар зертханасының сот-медициналық сарапшысы Өмірбек Жолымбетов 2024 жылғы 9 қазанда Нұрқанат Ғайыпбаевқа сараптама жүргізген.
«Ғайыпбаевтың денесінде келесі жарақаттар анықталды. Сол көздің төменгі қабағы астында көкшіл-қызғылт түсті, көлемі 3×1,5 см-лік қанқұйылу бар. Оң құлақ қалқанының артында да сондай көлемі 2×1 см-лік қанқұйылу байқалды. Шүйде тұсында жұмсақ тіндердің ісінуі болған. Бел тұсында қызыл түсті жұқа қабыршақпен жабылған көлемі 15×4 см-лік сырылған жара болды. Оң жақ бөксе тұсында түзу шеті, доғал ұшы бар, қызыл түсті жұқа қабыршақпен жабылған, көлемі 1,2×0,1 см болатын қиғаш-тік бағыттағы жарақат тіркелді. Одан оңға қарай тағы екі ұқсас жарақат болды: бірінің көлемі – 1×0,1 см, екіншісінікі – 1×0,8 см. Оң бөксенің төменгі бөлігінде көлемі 8×3 см болатын қызыл түсті жұқа қабыршақпен жабылған сызық тәрізді сырылған жара бар. Сол тізе буынының алдыңғы жағында көлемі 0,9×0,8 см, 0,9×0,7 см және 1×1 см болатын домалақ пішінді сызық тәрізді сырылған жаралар тіркелген. Оң шынтақ буынының алдыңғы жағында көлемі 0,5×0,3 см, 0,5×0,3 см және 0,4×0,3 см болатын үш сырылған жара, ал сол шынтақ буынының алдыңғы жағында көлемі 0,4×0,2 см болатын ұқсас жара байқалды», – деп баяндады сарапшы сәрсенбі күні.
Сарапшы сонымен қатар жәбірленушіге қандай диагноз қойылғанын да жария етті.
«Медициналық құжаттар деректеріне сәйкес, Ғайыпбаевқа клиникалық диагноз қойылды: жабық бас-ми жарақаты, ми шайқалуы, маңдай тұсында жұмсақ тіндердің соғылуы және сырылған жара, шүйде бөлігінде гематома, кеуде қуысы мүшелерінің жабық жарақаты, екі шынтақ буынында жұмсақ тіндердің соғылуы, оң жақ бөксе тұсында көптік пышақпен салынған жара, оң жақ тізе буынының жұмсақ тіндерінің соғылуы бар. Сот-медициналық куәландыру қорытындысына сәйкес денсаулыққа жеңіл зиян келтірілген деп бағаланды, өйткені денсаулықтың қысқа мерзімді (3 аптадан аспайтын) бұзылу белгілері анықталған. Бет аймағындағы сырылған жаралар, оң жақ бөкседегі пышақпен салынған жара және тізе буынының жұмсақ тіндерінің соғылуы денсаулыққа зиян келтірмейтін жарақаттар деп танылды. Аталған жарақаттардың барлығы доғал қатты заттардың, сондай-ақ кесіп-тесетін заттардың әсерінен пайда болуы мүмкін», – деп түйіндеді сарапшы.
Дереккөз: Stan.kz
Соңғы жаңалықтар





