Сурдо жеңіл атлетика чемпионы Фархад Қыстаубаев өмірден өтті
Сурдо жеңіл атлетикадан Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген спорт шебері Фархад Қыстаубаев дүниеден озды, деп хабарлайды Politico.kz.
Қайғылы хабарды Дене мүмкіндіктері шектеулі жандарға арналған спорттық даярлау орталығының ресми парақшасы жариялаған.
Мәліметке сәйкес, Фархад Қыстаубаев – Солтүстік Қазақстан облысының тумасы. Ол 2022 жылы Бразилияда өткен XXIV жазғы Сурдлимпиада ойындарында онсайыс бойынша чемпион атанып, 110 метрге кедергілер арқылы жүгіруден қола медаль жеңіп алған.
Спортшы халықаралық және республикалық жарыстарда бірнеше мәрте топ жарып, жүлделі орындардан көрінген. Ол ел намысын әлемдік ареналарда абыроймен қорғаған спортшылардың бірі болды.
Спорт қауымдастығы Фархад Қыстаубаевтың қазасын ауыр қайғы ретінде қабылдап, оның отбасы мен жақындарына көңіл айтты.
Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу
Соңғы жаңалықтар
21.10.2026
23:16
Қазақстанда әскери реформа мақұлданды: сарбазда...
21.10.2026
22:39
Павлодар облысының бас әскери комиссары Бекзат ...
21.10.2026
20:47
Шымкентте есірткі іздеген полицейлер өз әріптес...
21.10.2026
20:21
Каспийге Аралдың күні тумасын: Тоқаев әлемге үн...
21.10.2026
20:13
Тоқаев Бакуде Израиль басшысымен не туралы келі...
21.10.2026
20:07
Қатармен миллиардтаған долларлық жобалар: Тоқае...