Сүт фермасындағы трагедия: желіде әкесі мен екі ұлының фотосы тарады
Павлодар облысы Ақтоғай ауданындағы Жоламан ауылында орналасқан «Aktogai Milk» сүт фермасында қайғылы оқиға болып, алты адам көз жұмды. Қаза тапқандардың арасында әкесі мен екі ұлы бар, деп хабарлайды Politico.kz.
Қайғылы жағдайдан кейін марқұмдардың суреттері әлеуметтік желіде тарап, жақындары мен ауылдастары қаралы жазбалар жариялауда.
"Қандай мейірімді, ақкөңіл жан едің, бауырым. Мәңгі есіміздесің, жадымыздасың! Жатқан жерің жайлы, топырағың торқа болсын! Аллам саған иманын төгіп берсін, жаным", – деп жазды желі қолданушыларының бірі.
Сондай-ақ марқұмдардың жақындары бұл оқиғаның тұтас әулетке ауыр соққы болып тигенін жеткізді.
"Бір уақытта бір әулеттен төрт адамнан айырылдық. Біздің әулетке өшпес қайғы салды. Жандары жәннаттан болғай", – деп көңіл айтты тағы бір қолданушы.
@_araiikin_ 😭😭😭😭😭 Қандай мейірімді ақкөңіл жан едің бауырым❤️ мәңгі есіміздесің, жадымыздасың! Жатқан жерің жайлы, топырағың торқа болсын! Аллам саған иманын төгіп берсын жаным🙏
♬ Ex - dunya_islm
Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу
Соңғы жаңалықтар
21.10.2026
23:16
Қазақстанда әскери реформа мақұлданды: сарбазда...
21.10.2026
22:39
Павлодар облысының бас әскери комиссары Бекзат ...
21.10.2026
20:47
Шымкентте есірткі іздеген полицейлер өз әріптес...
21.10.2026
20:21
Каспийге Аралдың күні тумасын: Тоқаев әлемге үн...
21.10.2026
20:13
Тоқаев Бакуде Израиль басшысымен не туралы келі...
21.10.2026
20:07
Қатармен миллиардтаған долларлық жобалар: Тоқае...