Сыныптасын өлтіріп, көміп тастаған жасөспірімдерге үкім шықты

Сыныптасын өлтіріп, көміп тастаған жасөспірімдерге үкім шықты
30.12.2024 13:10
0
229
pixabay.com

Қытайдың Хэбэй провинциясының Ханьдань қаласында наурыз айында болған орта мектеп оқушысының өліміне қатысты шулы іс бойынша сот үкімі шықты.

Хэбэй провинциясының Ханьдань қаласының Аралық халық соты 30 желтоқсан күні үш айыпталушы Чжан, Ли және Ма есімді кәмелетке толмағандарға қатысты қасақана адам өлтіру ісі бойынша үкім шығарды. Үкімге сай, Чжан адам өлтіру қылмысы үшін өмір бойына бас бостандығынан әрі саяси құқықтарынан айырылды. Ли 12 жылға бас бостандығынан айырылса, Ма заң бойынша қылмыстық жауапкершілікке тартылмады.

Бұл оқиға 10 наурыз күні болған. 13 жастағы Ван Цзыяо есімді оқушысын үш сыныптасы өлтірген. Келесі күні оның денесі көршілес тастанды көкөніс сарайына көмілген жерінен табылды. Марқұмның денесі танып болмайтындай деңгейде зақымданған. Үш күдікті ұсталғаннан кейін де өкіну белгілерін көрсетпеген. Бұл оқиға бүкіл Қытайды дүрліктіріп, кәмелетке толмағандардың ауыр қылмыстарға жауапкершілігі мәселесін қайта көтерді.

Ханьдань қаласы кәмелетке толмағандар арасындағы қылмысқа қатысты қатаң шаралар қабылдады. Заңға сәйкес, Чжан және Ли есімді жасөспірімдер 12 жастан үлкен және 14 жастан кіші болғандықтан, қылмыстық жауапкершілікке тартылған. Ма есімді жасөспірімнің қылмысқа тікелей қатысы болмағандықтан, оған қылмыстық жаза қолданылмаған.

Соған қарамастан, сот пен прокуратура Маны арнайы түзету тәрбиесін жүргізу туралы ұсыныс жасады. Тиісті органдар бұл ұсынысты мақұлдап, оны заңға сәйкес арнайы тәрбие мекемесіне жіберу туралы шешім қабылдады. 

Ақпарат Ulysmedia.kz сайтынан алынды.

Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий
или