Сыртқы істер министрлігінде жаңа есімдер қызметке келді

Сыртқы істер министрлігінде жаңа есімдер қызметке келді
13.10.2025 09:34
0
335
Батырашев Дәулет, Әбибуллаев Алтай, Ашықбаев Ержан, Ахметов Әнуарбек (Фото: ашық дереккөз)

Сыртқы істер министрлігінде және елшіліктерде жаңа тағайындаулар болды, деп хабарлайды POLITICO.KZ.

Астана. 13 қазан. Қазақстанның Сыртқы істер министрлігінің басшылық құрамында елеулі өзгерістер орын алды. Мемлекет басшысының өкімімен министрдің бірінші орынбасары қызметіне Ержан Нигматоллаұлы Ашықбаев келді. Бұған дейін аталған лауазымды атқарған Ақан Ақасұлы Рахметуллин қызметінен босатылды.

Кадрлық өзгерістер еліміздің бірқатар шет мемлекеттердегі дипломатиялық корпусына да қатысты болды. Президент Жарлығымен Қазақстанның Словения Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі лауазымына Алтай Ибрагимұлы Әбибуллаев тағайындалды. Осыған дейін бұл қызметте болған Данияр Қабидоллаұлы Сарекенов лауазымынан кетті.

Сонымен қатар, бірнеше елшінің міндеттері кеңейтілді. Хорватиядағы елші Дәулет Қасекенұлы Батырашев енді Босния және Герцеговина, сондай-ақ Черногориядағы елші міндетін қоса атқарады. Алжирдегі Төтенше және Өкілетті Елші Әнуарбек Серікұлы Ахметовке Тунис Республикасындағы елші қызметі қосымша жүктелді.

Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий