Талғар түбіндегі апат: Сhery мен BMW соғысып, бір адам қаза тапты
373
Талғар қаласының шетінде, «Сады Алатау» саяжай қоғамы аумағында Chery Tiggo мен BMW X7 автокөліктері соғысып, қайғылы оқиға орын алды, деп хабарлайды Politico.kz.
Алдын ала мәлімет бойынша, Chery автокөлігінің жүргізушісі жол қиылысында BMW X7 көлігіне жол бермеген. Қатты соққыдан көліктер жан-жаққа ұшып кеткен. Соқтығысу күшінің қатты болғаны сондай, Chery-дің қозғалтқышы 100 метрге жуық жерге ұшып кеткен, ал BMW X7 жол белгісі мен аялдаманы қиратып, жол жиегіндегі үйіндіге барып тоқтаған.
Апат салдарынан Chery жүргізушісі оқиға орнында тіл тартпай кетті, ал BMW пассажирі түрлі жарақаттар алды. Қазіргі уақытта оқиға орнында анықтаушы мамандар жұмыс істеп, қайғылы жағдайдың толық мән-жайын анықтауда.
Соңғы жаңалықтар
08.09.2026
23:10
Эльдар Толғанбаев Президенттің ішкі саясат және...
08.09.2026
22:45
Талғар түбіндегі апат: Сhery мен BMW соғысып, б...
08.09.2026
21:25
Алматыда дәрігерлер 25 минутта ота жасап, жүкті...
08.09.2026
19:57
Журналист Арман Шораев әлеуметтік желіде бейәде...
08.09.2026
18:58
Қасым-Жомарт Тоқаев Дүниежүзілік кеден ұйымының...
08.09.2026
17:34
Президент Жолдауы және цифрлық трансформация: С...