Талғардағы жөсөспірім өлімі: Прокуратура істі ерекше бақылауға алды
Алматы облысының Талғар ауданындағы жасөспірім өлімі туралы істі прокуратура ерекше бақылауға алды.
4 қазанында Талғар қаласында төбелес болып, қаланың 16 жастағы тұрғыны пышақталып қайтыс болып, екі азамат ауыр дене жарақатын алды. Біз қоғамдық толқуларды түсінеміз және отбасы мен жақындарына көңіл айтамыз. Прокуратура органдары кісі өлтіру туралы бұл істі ерекше бақылауға алғанын ресми түрде хабарлаймыз, - деді облыстық прокуратура.Аталған қылмысты жасады деген күдік бойынша сот 2 ай мерзімге қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шарасына санкция беріп, жеті күдікті адам ұсталды.
Біз барлық жағдайларды анықтауға және кінәлілерді жауапкершілікке тартуға бағытталған объективті тергеуге кепілдік береміз. Барлық азаматтарды осы қылмысқа қатысы бар адамдарды жауапкершіліктен алып тастауға ешқандай әрекет жасалмайтынына сендіреміз. Тергеуге көмектесетін кез-келген ақпаратпен прокуратура немесе ішкі істер органдарына жүгінуге шақырамыз, - деп ескертті прокуратура.Бұған дейін бұл істі Қазақстанның ішкі істер министрі Ержан Сәденов жеке бақылауына алған еді.
Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу
Соңғы жаңалықтар
01.11.2026
14:30
Маңғыстауда балалар ауруханасында дәрігерге шаб...
01.11.2026
13:42
Алматыда жүк көліктерінің жүргізушілерін ереуіл...
01.11.2026
12:33
Алматыда жантүршігерлік жол апаты: Зардап шекке...
01.11.2026
11:31
Қостанайда екі ер адам 17 миллион теңге бопсала...
01.11.2026
10:21
Жұмысқа кешіккендерге айыппұл салуға бола ма? М...
01.11.2026
09:22
«Мына сайқымазақты беріңдер»: Олимпиада чемпион...