Тамара Асар президенттен құттықтау хат алғанын айтты
Қазақстанның халық әртісі Тамара Асар мерейтойына орай Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтан арнайы құттықтау хат алғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Politico.kz.
Өнер иесі бұл қуанышты жаңалығын әлеуметтік желідегі парақшасында бөлісіп, Президентке алғысын білдірді.
«Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтан туған күніме, мерейлі жасыма арнайы құттықтау хаттамасын алдым. Құттықтау хатын Алматы қаласы әкімінің орынбасары Абзал Нүкенов табыстады. Өте ерекше құрмет болды», – деп жазды Тамара Асар.
Әнші сондай-ақ шын жүректен қуанышын бөлісіп, өз атынан және отбасы атынан Мемлекет басшысына ризашылығын жеткізді. Сонымен қатар мерейтойына орай ақжарма тілектерін жолдаған барша оқырмандарына алғыс айтты.
Айта кетейік, Тамара Асар 16 шілдеде 50 жас мерейтойын атап өтті.
Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу
Соңғы жаңалықтар
15.10.2026
21:38
«Тәте емес, милфа деп ата»: Дильназ Ахмадиеваны...
15.10.2026
21:06
Шымкентте кәсіпкерлер мен шенеуніктерді бопсала...
15.10.2026
20:26
Қазақстан мен Әзербайжан арасында Каспий арқылы...
15.10.2026
19:13
Алтын іздеп ажал құшты: Бестөбеде екі күнде екі...
15.10.2026
18:22
55 оқушы ауруханада: Алматыдағы жаппай улануға ...
15.10.2026
17:53
Ақтөбеде билік митинг өткізуге келісім берді