Танымал әнші отыздан асқанда тұсауын кестірді
1203
Әнші Гүлмира Ізбасқан әлеуметтік желіде видео жариялады, деп хабарлайды Politico.kz Aikyn.kz-ке сілтеме жасап.
Ол бала күнінде жасалмаған тұсау кесу рәсімін ересек шағында жасауды жөн көргенін айтады. Әнші бұл көріністі оқырмандарына әзілмен жеткізген.
«Ассалаумағалейкум. Жаңа жылда папашка мен мамашканың үйіне барсам, сыйлық дайындап қойыпты, тұсауымды кесті. Бәсе, сондай бірнәрсесі бар әйтеуір. Жаңа жылдарыңызбен, жақсы көремін сіздерді. Менің тұсауым кесілмеген екен ғой. Бәсе, құлай беремін. 30-дан асқан соң тұсау кескен қалай екен?» – дейді әнші.
Желі қолданушылары оған ақ тілегін айтып, пікір білдіріп жатыр. Әншінің анасы да қызына батасын берген.
«Табысты жыл болсын. Теңіңді тауып, бақытты бол. Өнерің өрлей берсін. Елдің елеулі, халықтың қалаулысы бол, қызым!» – деді анасы.
Соңғы жаңалықтар
08.10.2026
20:21
Karachaganak Support Service басшысы 948 млн те...
08.10.2026
19:50
Қазақстанда жәрдемақы көрші елдерден жоғары: эк...
08.10.2026
19:37
Қазақстанда үш жанармай бекетінен сапасыз бензи...
08.10.2026
19:10
Қазақстан Орталық Азияда әлеуметтік қорғау бойы...
08.10.2026
18:42
Непалда жоғалған екі қазақстандық әлі табылмады...
08.10.2026
18:28
Астанада алаяқ футболшыларды Испанияға апарамын...