Теміртауда ірі өндіріс жұмысшылары биіктікте қауіпсіз жұмыс істеуден жарысты

16.04.2026 10:57 Арман Ермеков
Теміртауда ірі өндіріс жұмысшылары биіктікте қауіпсіз жұмыс істеуден жарысты
91
Фото: KAZAKHMYS

Теміртаудағы Qarmet University алаңында ірі өндіріс орындарының жұмысшылары биіктікте қауіпсіз жұмыс істеу эстафетасына қатысты, деп хабарлайды Politico.kz.

Бұл шараға Қазақмыс корпорациясының кеншілері мен Kazakhmys Smelting металлургтері қатысты. Одан бөлек Qarmet жөндеу-монтаждау зауыты мен Qarmet Service жұмысшылары және РемЭкология мердігер ұйымының өкілдері келді.

Барлығы бес команда бақ сынап, әр топта бес адамнан болды. Олар заманауи жаттығу құрылғыларын пайдаланып, биіктікте жұмыс істеудің теориясы мен практикасын меңгерді. Қатысушылар еңбекті қорғау ережелерін қаншалықты білетіндерін көрсетті.

«Бүгін Дүниежүзілік еңбекті қорғау күні қарсаңында Qarmet University алаңында биіктікте қауіпсіз жұмыс істеу бойынша эстафета өтті. Іс-шараның басты мақсаты – тәжірибе алмасу және ведомствоаралық ынтымақтастықты дамыту. Біз әріптестерімізбен тәжірибе алмасуға және өзіміз үшін жаңа дағды үйренуге дайынбыз. Мұндай іс-шаралар тұрақты қауіпсіздік мәдениетін қалыптастыруға, кәсіби құзырет деңгейін арттыруға және кәсіпорындар арасындағы өзара іс-қимылды нығайтуға ықпал етеді», - деді Qarmet компаниясы Болат департаментінің қауіпсіздік және еңбекті қорғау жөніндегі директоры Бауыржан Әлжанов.

Шараның практикалық бөлімі арнайы салынған полигонда өтті. Тапсырмаларды білікті сарапшылар бақылап, баға берді. Ұйымдастырушылар бұл жарыста жеңімпазды анықтауды мақсат етпеген.

Басты назар жұмысшылардың өзара тәжірибе алмасуына және қауіпсіздік мәдениетін нығайтуға аударылды. Сондықтан эстафета соңында қатысушылардың барлығына естелік сыйлықтар табысталды. Бұл бастама ірі кәсіпорындар үшін адам өмірі мен денсаулығын сақтау маңызды екенін тағы бір дәлелдеді.

«Іс-шараның басты мақсаты – тәжірибе алмасу және қауіпсіздік мәселесінде бәсекелестік болмайтынын тағы бір мәрте атап өту болды. Qarmet те, Kazakhmys та Қазақстанның тау-кен металлургия кешенінде жұмыс істейді, сондықтан саланы қауіпсіз ету - біздің ортақ миссиямыз. Бұл осындай іс-шараларда айқын көрінеді. Шақырғандарыңызға және биіктікте қауіпсіз жұмыс істеу бойынша тәжірибемізбен, білімімізбен және құралдарымызбен бөлісуге мүмкіндік бергендеріңіз үшін алғыс айтамыз. Бірлескен жұмысымыз алдағы уақытта жалғасын табатынына сенімдімін», - деді Қазақмыс корпорациясы Еңбекті қорғау департаменті тәуекелдерді басқару бөлімінің басшысы Владимир Саламатин.

Google News

Следите за нашими новостями в Google News

Подписаться
Войдите, чтобы оставить комментарий