«Теріс ағымға кіріп, хиджаб кидім»: Айгүл Иманбаева ел күтпеген мәлімдеме жасады

26.05.2026 14:17 Мөлдір Қайнар
«Теріс ағымға кіріп, хиджаб кидім»: Айгүл Иманбаева ел күтпеген мәлімдеме жасады
175
Фото: әлеуметтік желі

Белгілі әнші Айгүл Иманбаева бұрын еш жерде айтпаған сырын бөлісіп, 2000 жылдары діни ағымның ықпалына түсіп кете жаздағанын айтты, деп хабарлайды Politico.kz.

Өнер иесі бұл туралы журналист Назира Байырбекова берген сұхбатында баяндаған. Әншінің айтуынша, ол орамалды ерекше жақсы көреді және дәл осы образ арқылы халыққа кеңінен танылған.

«Мені жалпы қазаққа танытқан, ұлтыма танытқан, алақанына аялатқан – басымдағы орамалым. “Ұят болмасын” бағдарламасында келін Айгүл болып танылдым. Халықтың батасын алдым», – деді әнші.

Сонымен қатар Айгүл Иманбаева 2000-2001 жылдары Қазақстанға түрлі діни ағымдар көптеп келе бастаған кезеңде бір топтың ықпалына түскенін жасырмады.

«Кейін оның топ екенін, ағым екенін түсіндім. Біраз ұстаздарымыздың ықпалымен ол ортадан шықтым. Сол кезде өзіме: “Жаратушымды тану үшін міндетті түрде тұмшалануың керек пе?” деген сұрақ қойдым», – деді ол.

Әнші қазір дінге саналы түрде, білім арқылы келудің маңызы зор екенін түсінетінін айтты. Оның сөзінше, орамал тағу – үлкен жауапкершілік пен ішкі дайындықты қажет ететін шешім.

«Мен имамдарға қарағанда ғалымдар мен теологтардан білім алғанды жөн көремін. Бірақ түптің түбінде менің орамалға келерім анық», – деп түйіндеді Айгүл Иманбаева.

Войдите, чтобы оставить комментарий