Тілінен тас тапқан келіншек: Биволдың бұрынғы жары екі ұлтты қорлап, қылмыстық іске ілікті

Тілінен тас тапқан келіншек: Биволдың бұрынғы жары екі ұлтты қорлап, қылмыстық іске ілікті
22.10.2025 15:07
0
894
фото: ашық дереккөз

Боксшы Дмитрий Биволдың бұрынғы әйелі қазақтар мен қырғыздарды қорлаған сөзі үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылуы мүмкін, деп хабарлайды POLITICO.KZ.

Танымал боксшы Дмитрий Биволдың бұрынғы жұбайы Екатерина Бивол әлеуметтік желілерде қазақтар мен қырғыздарға қатысты айтқан дөрекі және қорлайтын пікірлері үшін қоғамда үлкен сынға ұшырады. Қырғызстан Ішкі істер министрлігі бұл факті бойынша тексеруді бастап кетті.

Екатерина Бивол өзінің Instagram парақшасында жариялаған бейнежазбасында бұрынғы күйеуін балағаттап, Орталық Азия халықтарына қатысты «қырғыздар лас нәрсе, қазақтар лас нәрсе, ұйғырлар керемет» деген өрескел сөздер қолданған. Бұл мәлімдемелер Қазақстан мен Қырғызстанның әлеуметтік желі қолданушылары арасында жаппай ашу-ыза мен наразылық туғызды.

Бұл Екатерина Биволдың Орталық Азия халықтарына қатысты алғаш рет қорлай сөйлеуі емес. Бұған дейін де осындай мәлімдеме жасаған. Алайда, кешірім сұраудың орнына, ол өз сөздерін одан әрі қатаңдатып, арандатушылық сипаттағы жаңа жазбалар жариялаған.

Қырғызстанның Ішкі істер министрлігі бұл факті бойынша тексеру амалдарын бастап кетті. Ведомство мұндай әрекеттердің ұлтаралық келісім мен төзімділік принциптеріне қайшы келетінін, сондай-ақ әкімшілік немесе қылмыстық жауапкершілікке әкелуі мүмкін екенін мәлімдеді.

Қазіргі уақытта Екатерина Биволдың Instagram аккаунты платформа ережелерін бұзғаны үшін бұғатталған.

Өз кезегінде Екатерина бұл мәлімдемелерін эмоциялық реакция деп түсіндіріп, өзін интернеттегі жала мен шабуылдарға жауап бердім деп ақтауға тырысты.

Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий