Тоқаев Алакөлдегі қызмет сапасын сынға алды

Тоқаев Алакөлдегі қызмет сапасын сынға алды
11.07.2025 16:36
0
218
Коллаж POLITICO.KZ

Алакөлдегі қызмет сапасы Президенттің назарына ілікті

Алакөлге демалуға келген халық дұрыс қарсы алынбағанына шағымданып жатыр. Бұл жағдай Мемлекет басшысының назарынан тыс қалмады. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев аталған аймақтың туристік инфрақұрылымы мен қызмет көрсету сапасының төмендігін сынға алды.

Бұл туралы Президенттің кеңесшісі әрі баспасөз хатшысы Руслан Желдібай хабарлады. Оның айтуынша, азаматтардан түскен көптеген арыз-шағымға байланысты Мемлекет басшысы Алакөл маңындағы туристік аймақтың жағдайын сынға алған.

Президент аймақтағы қауіпсіздік, қызмет көрсету сапасы, инфрақұрылым мәселелері талапқа сай еместігін атап өткен. Осыған байланысты Үкіметке нақты тапсырма берілді – еліміздегі барлық туристік нысандарды тексеріп, олардың жағдайын ретке келтіру қажет.

Сонымен қатар, жіберілген кемшіліктерге жауапты лауазымды тұлғалар жауапқа тартылуы тиіс. Туризм саласының дамуы ел экономикасына тікелей әсер ететінін ескерсек, бұл мәселе тек Алакөлмен шектелмейді – жалпы ұлттық деңгейдегі назарды талап етеді.

Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий