Тоқаев Армения үкіметінің басшысын қайта тағайындалуымен құттықтады
Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Армения үкіметінің басшысы Никол Пашинянмен телефон арқылы сөйлесіп, оны премьер-министр лауазымына қайта тағайындалуымен құттықтады, деп хабарлайды Politico.kz.
Мемлекет басшысы әріптесінің армян халқының игілігі жолындағы мемлекеттік қызметіне табыс тілегеннен кейін, Никол Пашинян жылы лебізі үшін алғыс білдіріп, Қазақстан халқына алдағы Құрылтай сайлауын сәтті өткізуге тілектестігін жеткізді.
Әңгімелесу барысында қос мемлекеттің басшылары қазақ-армян қарым-қатынасының қарқынды дамып келе жатқанын атап өтіп, екі ел арасындағы ынтымақтастықты одан әрі тереңдетуге дайын екендерін растады. Сонымен қатар тараптар бұған дейінгі уағдаластықтарды, соның ішінде өткен жылдың қараша айында Армения үкіметі басшысының Астанаға жасаған ресми сапары кезінде қабылданған шешімдердің орындалу барысын талқылады. Өзара диалог барысында сауда-экономикалық, көлік-логистикалық және мәдени-гуманитарлық салалардағы байланыстарды кеңейту мәселесіне айрықша назар аударылды.
Соңғы жаңалықтар