Тоқаев Халық қаһарманы Иван Гапичтің қазасына байланысты көңіл айтты
Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев соғыс және еңбек ардагері, Халық қаһарманы Иван Гапичтің өмірден өтуіне байланысты оның отбасы мен жақындарына көңіл айту жеделхатын жолдады, деп хабарлайды Politico.kz.
Мемлекет басшысы жақындарының қайғысына ортақтаса отырып, марқұмның еліне сіңірген еңбегі мен жоғары адами қасиеттеріне ерекше тоқталып өтті.
«Иван Степанович майданға өз еркімен аттанып, бүкіл соғысты байланысшы ретінде өткерді. Ол елге оралған соң көп жыл бойы прокуратура органдарында адал әрі мінсіз қызмет етті. Жоғары адамгершілік қағидаттарын ұстанған өз ісінің нағыз маманы ретінде ол әріптестері мен қоғам арасында зор беделге және құрметке ие болды. Иван Степановичтің өмір жолы жасампаз патриотизмнің, борыш пен антқа адалдықтың, сондай-ақ әділеттілік мұраттарына беріктіктің лайықты үлгісіне айналды. Оның жарқын бейнесі біздің жүрегімізде мәңгі сақталады», – делінген жеделхатта.
Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу
Соңғы жаңалықтар
02.11.2026
22:19
Реджеп Тайып Ердоған Қазақстан әуе кеңістігінен...
02.11.2026
20:58
Қазақстанда «Кек алушылар: Доктор Дум» фильміні...
02.11.2026
19:46
Алматыда «Dostyk Plaza» СӨО келушілері жарылыс ...
02.11.2026
18:21
Мемлекет басшысы Теміртауда «Qarmet» АҚ ұжымыме...
02.11.2026
17:18
Наташа Қалымбетова АҚШ-та 30 жылдан астам уақыт...
02.11.2026
17:04
«Көп пенденің беті ашылды»: экс-депутат қызметт...