Тоқаев: Кей блогерлер әкімнің әр қадамын аңдуды әдетке айналдырды
934
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев қоғамның әкімдерге қоятын талабы қашанда жоғары екенін айтты.
Бұл – заңды құбылыс. Әкімнің жұмысына сын көзбен қарау – демократиялық қоғамға тән қалыпты нәрсе. Бірақ сынағанның жөні осы екен деп, тым артық кететін әсіре белсенділер де бар. Өзін блогер санайтын кейбір адамдар әкімнің әр қадамын аңдуды әдетке айналдырды. Жұмысқа кедергі жасап, тіпті, қоқан-лоқы көрсететіндер бар. Әрине, ауыл, аудан немесе қала тұрғындары болсын, барлығы жайлы өмір сүргісі келеді. Азаматтарға барынша қолайлы жағдай жасау – әкімге де, жергілікті мәслихаттарға да ортақ міндет, - деді президент.
Оның айтуынша, әрбір әкім азаматтармен диалогқа ашық болуы қажет, сындарлы пікір алмаса білуі керек. Бірақ жұртты дүрліктіріп, шу шығарып, заңды бұзуға жол берілмейді.
Ешкім заңнан аттамауға тиіс. Мемлекет мүддесі түрлі популистердің жеке мүддесінен жоғары тұруы қажет. Қоғамның сынынан және батыл шешім қабылдап, жауапкершілік алудан қорықпау керек. Кез келген өзекті мәселеге, соның ішінде ақпараттық шабуылдарға дер кезінде назар аудару қажет. Тағы да қайталап айтамын. Әкімдіктер мен мәслихаттардың міндеті – мемлекеттік саясатты қатаң ұстану, оны ел мүддесіне сай жүзеге асыру. Мәслихат депутаттарының жұмысындағы басым бағыттарға қатысты менің пайымым осындай, - деді Тоқаев.
Фото: Ақорда
Соңғы жаңалықтар
08.10.2026
15:16
Бұрынғы министрдің күйеуі Ақтөбеде 60 млрд теңг...
08.10.2026
15:03
Астана көшелерінің бірінде есінен танып қалған ...
08.10.2026
14:34
Ресейдегі 14 қазақстандық елшілікке жеткізіле м...
08.10.2026
14:07
Өскеменде полицейді өлтірді деген күдікті аурух...
08.10.2026
12:50
Ақтөбе облысында ер адам изолятордан қашып кеткен
08.10.2026
12:32
«Айта берсең көп, қайсыбірін айтайын». Роза коу...