Тоқаев Макронды ұлттық мерекесімен құттықтады
Тоқаев Макронды Ұлттық мерекемен құттықтады
Қасым-Жомарт Тоқаев Франция басшысы Эмманюэль Макронға құттықтау жеделхатын жолдады. Мемлекет басшысы француз халқын Бастилияны алу күні – Францияның Ұлттық мерекесімен шын жүректен құттықтады.
Жеделхатта Қасым-Жомарт Тоқаев Францияның бүгінгі таңда халықаралық аренада беделі зор, саяси, әлеуметтік-экономикалық және мәдени-гуманитарлық салаларда айтарлықтай жетістіктерге жеткен мемлекет екенін атап өтті. Сонымен қатар, достас француз халқына амандық, тұрақтылық пен өркендеу тіледі.
Президент Қазақстан мен Франция арасындағы ынтымақтастықтың стратегиялық серіктестік деңгейіне жеткеніне назар аударып, бұл жолда Эмманюэль Макронның еңбегін жоғары бағалайтынын жеткізді.
Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу
Соңғы жаңалықтар
16.10.2026
23:09
Ресейде қазақстандық автобус жүргізушісі ұсталды
16.10.2026
22:00
Іш киімін шешіп, балалар арбасына дәрет сындырм...
16.10.2026
21:48
Қызылордада көлік қағып, қаза тапқан 5 айлық сә...
16.10.2026
21:10
Резонансты іс қайта қаралды: Алматының бұрынғы ...
16.10.2026
20:34
Қазақстанда 2027 жылға діни мерекелердің күнтіз...
16.10.2026
19:59
Қазақстан Орталық Азиядағы әуе тасымалы нарығын...