Тоқаев Паралимпиада чемпионы Ербол Хамитовты құттықтады

Тоқаев Паралимпиада чемпионы Ербол Хамитовты құттықтады
Ашық дереккөздерден

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Италияда өтіп жатқан қысқы Паралимпиада ойындарында биатлоннан жеңімпаз атанған қазақстандық спортшы Ербол Хамитовты құттықтады, деп хабарлайды Politico.kz.

Президент спортшының табанды еңбек пен мықты ерік-жігерінің арқасында қиын жолды еңсеріп, үлкен жетістікке жеткенін атап өтті. Оның айтуынша, бұл – шынайы құрметке лайық нәтиже.

Айта кетейік, Қазақстан құрамасының ту ұстаушысы болған Ербол Хамитов бұған дейін шаңғы жарысынан да Паралимпиаданың қола жүлдегері атанған.

Қасым-Жомарт Тоқаев спортшыға алдағы уақытта да жарқын жеңістер, қажымас қайрат пен зор денсаулық тіледі.

Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу