Тоқаев пен Путин телефонмен сөйлесті: Президент Ресейге барады

Тоқаев пен Путин телефонмен сөйлесті: Президент Ресейге барады
26.09.2025 17:23
0
133
Фото: Ақорда

Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путинмен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлайды POLITICO.KZ порталы.

Мемлекет басшылары екіжақты байланыстардың қазіргі жай-күйі мен болашағын талқылады. Олар Қазақстан мен Ресей арасындағы ынтымақтастықтың стратегиялық серіктестік пен одақтастық рухында тұрақты дамып келе жатқанын атап өтті.

Сонымен қатар, Қасым-Жомарт Тоқаев пен Владимир Путин сауда-экономикалық салада бұрын қол жеткізілген уағдаластықтардың орындалу барысын қарастырды. Бұл келісімдер энергетика, өнеркәсіп және көлік салаларын қамтиды. Сондай-ақ, мәдени-гуманитарлық байланыстардың нығайып келе жатқанына назар аударылды.

Әңгімелесу барысында Қазақстан Президентінің Ресей Федерациясына жасайтын мемлекеттік сапарына дайындық мәселесіне ерекше көңіл бөлінді.

Сөйлесу соңында тараптар әлемде және аймақта болып жатқан өзекті мәселелер бойынша пікір алмасты.

Айта кетейік, Тоқаевтың Ресейге мемлекеттік сапары қарашада өтетінің жазған болатынбыз.

Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий