Тоқаев жаңа Ата заңда білім саласына тұңғыш рет айрықша мән берілгенін мәлімдеді

26.08.2026 14:13 Абзал БАХЫТЖАНОВ
Тоқаев жаңа Ата заңда білім саласына тұңғыш рет айрықша мән берілгенін мәлімдеді
53
Фото: Ақорда

Қасым-Жомарт Тоқаев Республикалық тамыз конференциясының пленарлық отырысында сөз сөйледі. Мемлекет басшысы жаңа Конституцияда білім мен ғылымды дамытуға ерекше назар аударылғанын айтты, деп хабарлайды Politico.kz.

Ұстаздардың биылғы жиыны адам капиталы, білім және прогресс сияқты Халықтық Конституцияның негізгі құндылықтарына арналып отыр.

«Биылғы Тамыз конференциясы еліміздегі ауқымды өзгерістер кезеңіне тұспа-тұс келді. Бәріміз бір ел болып, түбегейлі реформаларды ойдағыдай жүзеге асырдық.
 
Наурыз айында өткен жалпыұлттық референдум нәтижесінде жаңа Халық Конституциясы қабылданды. Тұтас қоғам қолдаған Ата заң бірінші шілде күні күшіне енді. Бұл – еліміз үшін маңызы ерекше тарихи оқиға.
 
Бас құжатта тұңғыш рет білім саласына айрықша мән берілді, яғни адам капиталын, білімді, ғылымды, инновацияны дамыту еліміздің стратегиялық бағыты ретінде айқындалды», – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Мемлекет басшысы бұған дейін Үкіметке мұғалімдер мәселесін үнемі назарда ұстауды тапсырған еді.

Войдите, чтобы оставить комментарий